Әдебиет • 25 Сәуір, 2023

Шығыста «Білім кітапта» атты кітап жәрмеңкесі өтті

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 сәуір – дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні қарсаңында А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Білім кітапта» атты баспасөз салоны келушілерді құшақ жая қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыста «Білім кітапта» атты кітап жәрмеңкесі өтті

Баспасөз салоны құрамындағы өңірлік авторлар, баспалар мен кітап сату ұйымдарына өздерін, топтамаларындағы жаңалықтарын көрсетіп, пайдалы іскерлік таныстық орнатты. Өз өнімдері мен технологияларына назар аудартуға ерекше мүмкіндік жасады.

Кітапханада «Шығыс ақпарат», «Арго» баспалары, жоғары оқу орындардың университеттік баспалары және «Звено Алтая» әдеби бірлестігі мүшелері, «Tŏr Altai», «Алтай Изумрудный», «Кедр» әдеби журналдарының редакциялық алқалары өз экспозицияларын келушілер назарына ұсынды.

Жаңа Бұқтырма кентінен осы іс-шараға арнайы келген Наталья Стрельцова балаларға арналған «Хочу на маленький остров» және «Лунная кошка» өлеңдер жинақтарын ұсынса, жазушы Савелий Мужчиль өз кітаптарын таныстырды.

Журналист Әлібек Қаңтарбаев, ақын, журналист Геннадий Пуссеп сынды зиялы қауым өкілдері мерекемен құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді.

Баспа өнімдерінің көрмесі, кітап жәрмеңкесі 23 сәуірге дейін жұмыс істеді. Өңірде әдебиеттің заманауи даму тенденцияларына қызығушылық танытқан оқырман іс-шараға келіп, тың дүниелермен танысты.