Аймақтар • 26 Сәуір, 2023

Павлодар облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында жол апатынан 40 жастағы әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды

фото: Polisia.kz

Оқиға 25 сәуір сағат 15:30 шамасында Астана-Павлодар тасжолының 1207/142 шақырымында Екібастұз қаласы Бәйет ауылы маңында болған.

47 жастағы Hyunday Solaris автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, Daimler Chrysler жүк көлігінің тіркемесінің артқы бөлігіне соқтығысқан. Апат салдарынан Hyunday көлігінің 40 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, 16 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Көліктер арнайы тұраққа қойылды. Сараптама тағайындалды. Тексеріс жүргізіліп жатыр.