Үкімет • 26 Сәуір, 2023

Әлихан Смайылов Иран Ислам Республикасына ресми сапармен барды

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет басшысы Иранның Бірінші вице-президенті Мохаммад Мохбермен кездесу өткізеді. Кездесу барысында тараптар екі ел ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылайды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлихан Смайылов Иран Ислам Республикасына ресми сапармен барды

Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар ведомствоаралық және коммерциялық құжатқа қол қойылады деп күтілуде.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов Иран Президенті Ибрахим Раисимен де кездеседі деп жоспарланып отыр.

Айта кететін жайт, Премьер-министрінің сапары аясында Қазақстанның Ирандағы үшінші сауда-экономикалық миссиясы өтіп жатыр. Оған тамақ, химия, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп және металлургия бойынша 20 отандық тауар өндіруші қатысып жатыр.