Дәстүр • 26 Сәуір, 2023

Дүние жүзін мойындатқан дуэт

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отандық өнерпаздар Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз Италияда өткен беделді «Italy 2023» музыкалық байқауының гран-при жүлдесін жеңіп алды.

Дүние жүзін мойындатқан дуэт

Дүние жүзін кезекті рет мойын­датқан домбырашылар дуэтінің мүшелері Темірлан мен Ернат Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұйымының солистері екенін еске сала кетейік.

– Италиядағы беделді байқауға Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен бардық. Жыл сайын Песаро қаласында өтетін іс-шараға биыл 24 елдің өнерпаздары қатысты. Әлем көз тіккен байқауда үздік атанғанымызға қуаныштымыз, – дейді Темірлан Олжабай.

Домбырашылар дуэті «Адай», «Көроғлы», «Әлқисса» күйлерін, О.Сүлейменовтің «West» шығар­масын орындап, қазылар алқасы мен көрермендерді баурап алған.

– Темірлан мен Ернатты жар­қын жеңісімен құттықтаймын. Жігіт­тердің қазақ музыкасын орындай отырып, халықаралық деңгейде жетістікке жеткені қуантады. Олар­дың өнері басқа талантты отандас­тарымызды шабыттандыратынына сенімдімін, – дейді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Айтпақшы, домбырашылар дуэті осы жылдың 18 маусымында Ас­танада алғашқы шығармашылық кешін өткізеді. Оған кеш қонақтары ретінде Amre, Қазыбек Құрайыш секілді өнер жұлдыздары да қаты­сады деп күтіліп отыр.