![Тіс емдеудің тың тәсілі](/media/2023/04/27/skrinshot-27-04-2023-001431.jpg)
Бауыржан әріптестерімен бірге бұзылған эмалді қалпына келтіру үшін амин қышқылдарынан амелогенин ақуызын жасанды түрде синтездеген. Ғалымның айтуынша, оны кариестің алғашқы сатысында тіске тамызса, бір ай ішінде тіс эмалі қалпына келеді. Осылайша, дәрі тіс жегісін бұрғылаусыз, операциясыз емдеуге мүмкіндік береді.
Өнертапқыштың технологиясы патенттелген. Қазіргі таңда бұл препаратты тек елде ғана емес, шетелде де қолданады. Елімізде Алматы мен Астананың тіс емханалары пайдаланып жүр.
Бауыржан Айтуов «Болашақ» бағдарламасымен Йорк университетінде генетика саласындағы бакалавр дәрежесін алған. Елге оралғаннан кейін оқуын Еуразия ұлттық университетінде жалғастырып, онда магистр және кейіннен доктор дәрежесін иеленді. 2011-2014 жылдары Nazarbayev University-де қызмет атқарған.
Бүгінде жас ғалым әртүрлі биотехнологиялық жаңалықтарды ашумен айналасып жатыр. Сондай-ақ Бауыржан – «InnoDent» және «Center for BioEnergy Research» компанияларының негізін қалаушы.