Аймақтар • 27 Сәуір, 2023

Курчатов қаласы Абай облысының құрамына кірді

506 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық мәслихатта Курчатов қаласының аумағын Абай облысының қарауына беру мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Курчатов қаласы Абай облысының құрамына кірді
Жергілікті БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл бастаманы Павлодар облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Хамитов ұсынған.

Ол жаңа Абай облысына Шығыс Қазақстан облысының сегіз ауданы мен Семей кіретінін еске салды.

Енді Абай облысының құрамына Павлодар облысының шекарасында болған, бірақ шын мәнінде Шығыс Қазақстан облысына қарайтын Курчатов та кірді.

 
«Қаланың жалпы ауданы - 11 гектар. Курчатовтан түсетін салық облыстық бюджетке түспейді, қала бюджетінде қалады. Бұл шешім Павлодар мен Абай облыстарының шекарасын сәйкестендіреді», деді Мұрат Хамитов.

Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.

Соңғы жаңалықтар

Жыл камбэгі

Әлем • Бүгін, 09:35

Малсақ қауымның мұраты

Шаруашылық • Бүгін, 09:30

Қос ауылдың қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:20

Жирен аң қашан келеді

Талбесік • Бүгін, 08:55

Рухани құлдыраудың ащы шындығы

Руханият • Бүгін, 08:48

Тарихтағы тың өріс

Руханият • Бүгін, 08:43