Жемқорлық • 27 Сәуір, 2023

Қазынашылықтағы мінсіз қызмет

436 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Қазіргі заманғы нарықтық қаты­настар жағдайында Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық тақырыбы және құқықтық мемлекет құру жайы расында да өзекті мәселе болып отыр. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде өмір сүру деңгейіне кері әсерін тигізіп, қазіргі таңда кеңінен таралуда. Бұл құбылыс бірінші кезекте мемлекеттік қызмет органдарының имиджіне теріс әсер етеді, азамат­тардың сеніміне нұқсан кел­тіреді, мемлекеттің нарықтық эко­номи­касының дамуына қауіп төн­діреді және экономикалық және ұлттық қауіпсіздікке зиян кел­тіретіні сөзсіз. Бүгінде сыбайлас жем­­қорлық деңгейін төмендету және жою – өзекті міндеттердің бірі.

Қазынашылықтағы мінсіз қызмет

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Елордалық Қазынашылық департа­ментінің қызметкерлеріне бюджеттің барлық баптары мен Астана қаласының аумағында орналасқан барлық мемле­кеттік мекемелердің, сондай-ақ квази­мем­лекеттік сектор субъектілерінің, қа­зынашылық сүйемелдеу шеңберінде мемлекеттік сатып алу субъектілерінің және қаржылық немесе қаржылық емес қолдау операторының қатаң қаржылық тәртібі бойынша қатаң үнемдеу шең­берінде бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын тиімді бақылау бойын­ша үлкен жауапкершілік жүктеледі. Осылайша, тәжірибелі қызметкерлердің қаржылық құжаттарды қабылдауының бірінші кезеңінде, ал бұл қазынашылық органдарында бір жылдан астам жұмыс істейтін қаржыгерлер мен экономистер, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы, олардың мемлекеттік бюджетті одан әрі атқару үшін бюджет заңнамасының баптарына сәйкестігі қазынашылық тетігі арқылы қатаң түрде қаралады. Бұл – қазіргі уақытта түсімдер мен шығыстар туралы күнделікті ақпа­ратқа жедел түрде қолжеткізуге мүм­кіндік береді. Кірістердің түрлері және шығыстардың барлық санаттары бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің, оларды тиімді басқару мақсатында қаржы ресурстарын орталық­тандыру, бағдарлама әкімшілерін басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті ақпаратпен уақтылы қамтамасыз ету маңызды.

Бюджетті атқарудың қазынашылық тетігі бүгінде мемлекеттік бағдарлама­ларды қаржыландыру бойынша жедел іске асыру саласында үздік нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл бағытта республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың бюджет жүйесінің негізгі қағидаттарын: бюджет түсімдерін қайта бөлу арқылы бюджеттердің өзара іс-қимылына негіз­делген және бірыңғай нормативтік құқықтық базамен қамтамасыз етілетін бюджеттердің барлық деңгейлерінің бірлігін, толықтығын, шынайылығын, транспаренттілігін, жауапкершілігі мен дербестігін сақтауын қамтамасыз етуде Қазынашылық департаментінің мемлекеттік қызметшілері маңызды рөл атқаруда. Атап айтқанда, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына алдын ала және ағымдағы бақылауды, яғни мемлекеттің қаржылық мүдделерін түбегейлі жүзеге асырады.

Бүгінгі таңда Қазынашылықтың интегра­цияланған ақпараттық жүйесі нақты уақыт режімінде бюджет қара­жа­тын уақтылы, сапалы және толық игеруге мүмкіндік береді. Бұл тек қазы­нашылық қызметкерлерінің құзыреттілігі мен жеделдігіне ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік мекемелердің есеп қыз­меткерлеріне де байланысты. Әдет­те, бұл мәселе білімді, сауатты мамандар болмаған жағдайда нормативтік құжаттарды білмеуге, құжаттарды рә­сімдеу мәселелерін нашар меңгеруге, бос қорлардың қалдықтары бойынша жет­кіліктілігін бақылау болмағанда және ұсынылған құжаттарды ұқыпсыз рә­сімдеуге, бұл құжаттарды пысықтауға қай­таруға әкеп соғады. Осыған байланысты Қазынашылық департаменті тоқсан сайын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен және мемлекеттік мекемелермен бюджет заңнамасына жаңа өзгерістер мен толықтыруларды тү­сіндіру бойынша өзара тәжірибе алмасу мақсатында семинарлар өткізе­ді. Қазынашылық қызметінде үздік нәти­желерге қол жеткізу үшін көрсеткіштер бо­йынша тоқсан сайын қызметті рей­тингтік бағалау енгізілген.

Қазынашылық жұмысының сапалы және уақтылы жүргізудің оң нәтижесі сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюдың профилактикасы бойынша күшейтілген жұмыстың арқасында, яғни «Қа­зынашылық-клиент» ақпараттық жүйесін енгізу арқылы қол жеткізіледі. Бұл қазынашылық қызметкерлерінің клиенттермен байланысын барынша азайтуға және тіпті өзара байланысты болдырмауға мүмкіндік берді. Жүйе бюджет қаражатын нақты уақыты режімінде аударуды жүзеге асырады, олардың мақ­сатты жұмсалуын қадағалайды.

Бүгінде департаментте «Қазына­шы­лық-клиент» ақпараттық жүйесі ар­қылы рес­публикалық және жергілікті бюд­жет­терден қаржыландырылатын 313 мем­ле­кеттік мекемеге, 86 квази­мем­ле­кеттік сектор субъектісіне, қазы­на­шылық сүйе­мел­деу шеңберінде 190 Мем­лекеттік сатып алу субъектісіне, 3 қар­жылық және қар­жы­лық емес қолдау оп­ера­торына қызмет көр­сетіледі.

Сыбайлас жемқорлық бұзушылық­тарының алдын алу және оған жол бермеу жөніндегі профилактикалық жұмыс­тардың тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын одан әрі қалыптастыру және дамыту үшін Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті. Сонымен қатар Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында Қазақ­станда барлық мемлекеттік органдарда, атап айтсақ, Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыс бағытының негізгі басымдылығы болып табылатын жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша мақсатты, жоспарға сай жүйелік шаралар қабылданып, орындалуда. Жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік қызмет және жем­қорлыққа қарсы іс-әрекет туралы заңнамаларды түсіндіру, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу іс-шаралары тақырыбында дәрістер мен семинарлар жоспарға сай үнемі өткізіледі.

Жыл сайынғы қазынашылық органдары арқылы қаржылық құжаттардың орасан зор ағыны, яғни нақтылы ақшалай қаражаттың «көшкіні» өтетіндігін ескерсек, бюджеттің нысаналы әрі тиімді қолданылуын бақылауды басты назарда ұстай отырып, бюджетті атқаруда осынау сүбелі жұмысты абыройлы әрі адал атқару қазынашылық қызметкерлерінің ел экономикасына қосқан орасан зор үлесі екені белгілі.

Негізделген стратегиясы бар біздің қазынашылық жүйе ұдайы даму үстінде, сондықтан осы алға қойған мақсатқа бағытталған еңбектің тиімділігі тікелей бюджетті атқаратын адамдарға – қазына­шылық қызметкерлеріне байланысты екені барлығымызға аян.

 «Біз, өз мамандығы бойынша ең­бек етіп жүрген адамның кез кел­гені, елінің гүлденіп көркеюіне өзіндік үлес қосуды қалаймыз. Елдің дамуы әрбір азаматтың еңбек етуіне, отаншыл­ды­ғына байланысты. Осы үшін бәріміз барымызды салып жүрміз» деген пікірдегі қазынашыларымыздың қызметі бабында не істесе де халық мүддесі үшін атқаратын, ел болашағын бәрінен үстем көретін, саналы да білікті, кәсіби маманда­рымыздың Қазақстанның гүлденіп көр­кеюіне қалтқысыз еңбегімен әлі де ба­ғындырар асулары мол, әрі биік шыңдар мен межелерден көрінетіні сөзсіз.

Елордалық Қазынашылық департа­менті жемқорлықтың алдын алу және оның көріністерімен күресуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті күшейтуге және өз қызметінде тәртіпті нығайтуға бағытталған Президент жүктеген міндет­терді орындау жолында алдағы уақытта да қарқынды жұмыс атқаратын болады.

 

Гүлжан Өнербекова,

Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Астана қаласы Қазынашылық департаментінің басшысы