Медицина • 28 Сәуір, 2023

Елімізде бір тәулікте 61 адам коронавирус жұқтырған

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 28 сәуірдегі ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Елімізде бір тәулікте 61 адам коронавирус жұқтырған

28 сәуірдегі мәлімет бойынша, өткен тәулікте 61 адам коронавирус жағдайымен тіркелген. 1 306 адам коронавирус инфекциясынан (–1 157+ және 149 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 149 пациент стационарда, 1 157 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 2 адамның жағдайы ауыр.

28 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстанда I компонентпен 10 866 872 адам вакцина салдырды, II компонентпен 10 639 7743 адам вакцина алды. Ревакцинацияланғандар – 5 807 928.