Елорда • 28 Сәуір, 2023

Астанада жүзуден қалалық біріншілік басталды

241 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Barys Arena Pool олимпиадалық бассейнінің базасында жүзуден 3 жас топтары арасында Астана қаласының ашық чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада жүзуден қалалық біріншілік басталды

Спорттық іс-шараның ашылу салтанатына Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, қалалық спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының басшысы Бақтияр Масанов және Астана қаласы әкімдігінің №4 Балалар мен жасөспiрiмдер мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің басшысы Нұрбол Жарқынбеков қатысты.

Жарыстың ашылуы рәсімін салтанатты түрде қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев ашып, жас спортшыларға жоғары жетістіктерге жетуіне сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.

«Біріншілік қаламызда жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Додаға қатысуға Қазақстанның әр өңірінен 400-ден аса спортшы қатысуда. Өздеріңізді бүгінгі жарыста көргеніме қуаныштымын. Ең мықтылар бүгін жеңіске жетсін», деді қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев.

Дәстүрлі түрде өтетін жүзуден ашық біріншілікке еліміздің 26 облысымен қатар республикалық маңызы бар қаларынан 400-ден аса қатысушылар бас қосты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер төрт күнге жалғасатын біріншілік барысында анықталады. Яғни олар, әр қашықтықтағы үздік нәтижелер бойынша жеке анықталса, чемпионаттың үздік спортшылары әр жүзу стилінде үздік нәтиже бойынша FINA ұпайлық кестесі бойынша кубоктармен марапатталады.

Жарыстың алғашқы күні эстафеталық жарыс – баттерфляй, еркін жүзуден 100, 200, 800 метр және брасс, арқамен жүзу 50 метр ара қашықтықта бойынша өрбиді. Ал жарыстың екінші, үшінші және төртінші күндері спорттық бәсеке керісінше тәсілмен жүргізілді. Яғни 50 метр ара қашықтықта еркін жүзу, баттерфляй, кешенді жүзу, ал арқамен жүзу және брасс 100 метр бойынша үздіктерді анықтайды.

Спорт саласы мамандарының сөзінше, ашық біріншілікте үздік көрінген спортшылар алдағы әлемдік, республикалық деңгейлі жарыстарда ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, жарыс Barys Arena Pool олимпиадалық бассейнінің базасында 29 сәуірге дейін жалғасады.