Экология • 29 Сәуір, 2023

Мәулен Әшімбаев дәстүрлі сенбілікке қатысты

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы елордада «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында өткен қалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев дәстүрлі сенбілікке қатысты

Сенбілікке Парламент Сенатының депутаттары мен Аппаратының қызметкерлері, Жас сарапшылар клубының мүшелері, Талдау мектебінің түлектері, Қазақстан Бочча федерациясының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен экология саласындағы белсенді жандар қатысты.

Олар Ұлы дала даңғылының бойындағы тұрғын алабының маңына қарағай мен қайың, балқарағай мен шаған және қарақаттың жүздеген көшетін отырғызды.