Қоғам • 30 Сәуір, 2023

Бетон араластырғышта аяғы қысылып қалған құрылысшы құтқарылды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында 35 жастағы жұмысшының аяғы бетон араластырғышта қысылып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бетон араластырғышта аяғы қысылып қалған құрылысшы құтқарылды

Оқыс оқиға кеше сағат 16:52-де Іле ауданындағы Гейт Сити ықшам ауданында болған. Белгілі болғандай, құмды тиеу жұмыстары кезінде 35 жастағы жұмысшының оң аяғы бетон араластырғышта қысылып қалған.

Республикалық жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушыдан құрылған жедел тобы мен Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағының 4 құтқарушысы  дереу оқиға орнына барды.

«Құтқарушылар болгарканың көмегімен зардап шеккен ер адамның қысылған аяғын босатты. Оның аяғы сынып кеткен екен. Құтқарушылар шок алған ер адамды жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Жедел жәрдем бригадасы оны бірден ауруханаға алып кетті», делінген Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратта.