Әлем • 01 Мамыр, 2023

Мексикада автобус құздан құлап, 18 адам қаза тапты

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мексикада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Жол апаты салдарынан 18 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Мексикада автобус құздан құлап, 18 адам қаза тапты

Телеарна мәліметінше, тағы 33 жолаушы жарақат алды. Олардың 11-і - бала.

Оқиға Наярит штатындағы Компостела мекеніне жақын жерде болды.

Тау ішінде келе жатқан автобус жолдан шығып кетіп, 15 метрлік құздан құлап түсті. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.