Аймақтар • 01 Мамыр, 2023

Оралда 58 жастағы әйелді автобус қағып кетті

512 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан жаяу жүргінші қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда 58 жастағы әйелді автобус қағып кетті

фото: Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті

БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін, 1 мамыр күні, сағат 13:00 шамасында Құрманғазы көшесіндегі аялдамада болған.

«1970 жылғы автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, «Тойота Камри» маркалы автокөлігіне соқтығысып, салдарынан 1965 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апатынан 1965 жылғы әйел адам ауруханада көз жұмды. Сондай-ақ автобустың екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді», делінген мәліметте.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.