Саясат • 03 Мамыр, 2023

Қазақстан мен Тәжікстан ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан-Тәжікстан бизнес форумында Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин KazakhExport компаниясының сақтандыру құралдарын пайдалануды кеңейтуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Тәжікстан ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

«Елдеріміздің арасында шешілмеген мәселе жоқ екенін бөлек атап өткім келеді. Дегенмен, мынадай мәселелер ашылып отыр. Отандық KazakhExport компаниясының сақтандыру құралдарын пайдалануды кеңейту ұсынылады. Бұл ретте біз бизнеске ұсынатын барлық қаржылық мүмкіндікті, оның ішінде сауданы қаржыландырудың жаңа құралын дұрыс қолдану маңызды. Сауда миссияларын жүргізу тәжірибесі де жалғасады. Бұл мүдделі компаниялар арасында ұзақ мерзімді және өзара тиімді байланыстар орнатуға ықпал етеді», деді Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар ол бүгінгі бизнес форум екі ел арасындағы іс-қимылдың жаңа бағыттарын белгілеуге арналғанын баса айтты.

«Біздің тауар айналымымызды арттыру бойынша жүктелген барлық міндетке қол жеткізуге мүмкіндік беретін барлық жағдай жасалған. Бұл форум Қазақстан мен Тәжікстанның екіжақты экономикалық ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге мүмкіндік беретініне сенімдімін», деді вице-премьер.