Қоғам • 03 Мамыр, 2023

Шетелдік көліктерді заңдастыру мерзімі ұзаруы мүмкін

584 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты Наурыз Сайлаубай Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру мерзімін ұзартуды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шетелдік көліктерді заңдастыру мерзімі ұзаруы мүмкін

Наурыз Сайлаубай 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елге заңсыз әкелінген автокөліктерді заңдастыру бойынша бір реттік шара қолдануды ұсынғанын еске салды.

Нәтижесінде елге әкелінген шетелдік көліктерді 2023 жылғы 1 шілдеге дейін заңдастыру туралы шешім қабылданды. Бірақ депутат Қазақстан азаматтары бірқатар себептерге байланысты шетелде көлік сатып алуын жалғастырып жатқанын және болашақта бұл жағдай күрделі әлеуметтік мәселелерге әкелуі мүмкін екенін айтты.

«Шетелдік көліктерді заңдастыру мерзімін елге заңсыз әкелуге қарсы нақты шараларды анықтап, бекіткенге дейін ұзартуды ұсынып отырмыз», деді Наурыз Сайлаубай.

Бұл ретте, депутат мәселенің әлеуметтік жағына да тоқталды.

«Бұл көлік иелерінің арасында жалғызбасты аналар, көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, 35 жасқа дейінгі жастар бар», деп қосты Наурыз Сайлаубай.

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50