Республика жасөспірімдерінің жүрегіне жол тартуды мақсат еткен «Таймас» журналының тұсаукесер рәсімі «Тәуелсіздік» сарайында өтті. Бұған дейін отандық телеарналарда ұлт мәдениетін дәріптеу мақсатында «Өнер шежіресі», «Қазақстан би әлемі» бағдарламаларымен ел ықыласына бөленіп жүрген «J-Group Production» ұжымы «Таймас» журналы арқылы талай қазақ баласының талғамы мен танымын өзгерткісі келеді. Бүгінгі ұрпаққа көнеден келе жатқан сарқылмайтын құндылықтарымызды заманауи тілде жеткізіп, журналдың қызықты айдарларымен ой бөлісуге шақырады.
Өз сөзінде журналдың мақсат-мүддесімен толықтай таныстыра кеткен «J-Group Production» қоғамдық қорының төрайымы Ана Шакерхан басылым болашағынан үлкен үміт күтетінін айтты. Игі істердің жанында жүретін Сенат депутаты Светлана Жалмағанбетова жастардың журнал бетінде ой бөлісуі, ертеңге деген нық сенімі сүйсіндіреді, – деді.
Журналдың қолға тиген алғашқы санынан-ақ жаңа леп, тың идеялардың ұшқыны қылаң береді. Жансая Әбдімәлік, Асылхан Төлепов сынды жас дарындардың сыр-сұхбаты, Астана туралы қысқа да нұсқа деректер, таным көкжиегін кеңейтер әлем мәдениеті туралы дүниелер оқырман назарынан тыс қала қоймайды. Елордамызда алғаш рет жарық көрген ғылыми-танымдық жасөспірімдер журналына журналистер қауымы тұғырынан таймасын деген тілектерін айтып тарасты.
Динара МӘЛІКОВА.

Испания мен Кабо-Верде кездесуінде гол соғылмады
Спорт • Кеше
ҰБТ кезінде 470-тен астам ереже бұзушылық анықталды
Қоғам • Кеше
Трамп Ормуз бұғазының ашылғанын мәлімдеді
Әлем • Кеше
Қалада тұрса да, ауылын ұмытпаған кәсіпкер
Қоғам • Кеше
Үкімет цифрлық теңгені кең ауқымда енгізу жоспарын бекітті
Экономика • Кеше
Елордада есірткіге қарсы күрес жаңа форматта насихатталды
Заң мен Тәртіп • Кеше
ҰБТ-да ереже бұзған 176 түлектің нәтижелері жойылды
Білім • Кеше