Ғылым • 05 Мамыр, 2023

Ғалымның жеке қоры ашылды

522 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық архивте фи­лология ғылым­да­рының докторы, про­фессор Серік Н­е­­гимовтің «Кө­сем сөздің кеншісі» ат­­ты жеке тек қо­ры­­ның ашылуы мен Мәскеудегі «Ху­до­жес­твенная лите­ра­тура» баспасынан жарық көрген «Мә­лік Ғабдуллин» кі­та­бының таныстыры­лымы өтті.

Ғалымның жеке қоры ашылды

Іс-шарада Ұлттық архив ди­рек­­торы Сағила Нұрланова бел­гілі ға­лымның өмірі мен шығар­машы­лығына тоқталып, кеш маңызын атап өтті. Одан кейін қор иесіне салтанатты түр­де сертификат табыс етті.

Серік ағамыз ұлттық архивке 100 сақтау бір­лігімен 1065 құжат тапсырды. Бұл құжаттарда өткен ғасырдың 30-жыл­дарынан бастап, бүгінге дейінгі Кеңес Ода­ғы­ның Ба­тыры, көр­некті ғалым, жазушы Мәлік Ғаб­дул­лин, Әлкей Марғұлан секілді ұлт зия­лыларына қа­тыс­ты алуан түрлі, сан сипат­ты шежірелік материал­дар ұсынылды. Сондай-ақ автордың жар­ты ғасырдан бері заманға, қо­ғамға, тарихқа қа­­тысты жи­ған-терген дү­ние­лері де қам­­тылған.

Мазмұнды іс-шара барысында Мемлекеттік Елтаңба авторы Жан­дарбек Мәлібекұлы, генерал-лейтенант, профессор Абай Тасболатов, белгілі қаламгер Баянғали Әлімжанов, филология ғылымдарының докторы Рахымжан Тұрысбек, руханият жанашырлары Ду­лат Оразалин мен Қазыбек Айтжанов сөз алып, ға­­лым­ның азаматтық келбеті мен шығар­ма­шылығы туралы жылы ле­біз­дерін білдірді. Сон­­дай-ақ Абай атындағы Мем­­­лекеттік сый­лық­тың лауреаты, опера әншісі Кен­жеғали Мыр­жықбай әуелетіп ән салып, жинал­ғандарға рухани ләззат сыйлады.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50