Атырауда 54 отбасына жаңа пәтер берілді
Астана күні қарсаңында мұнайлы өңірде 54 пәтерлік жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. «Бұл көп пәтерлі үй «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерді. Жаңа тұрғын үй аз қамтылған отбасыларға, балалар үйі мен интернат түлектеріне, мемлекеттік қызметкерлерге беріліп отыр», деп мәлім етті Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев.
Нақтылай айтқанда, жаңа пәтерге ие болғандардың дені ұзақ жыл кезекте тұрғандар екен. Мәселен, жас отағасы Сергей Ульяновтың жары Марина Ижерская балалар үйінде ата-ана қамқорлығынсыз тәрбиеленгендердің бірі болғанмен, 2006 жылдан бері пәтер алу кезегінде тұрыпты. Бұдан былай жас отбасы екі бөлмелі пәтердің жылуын сезінетін болады.
Сол секілді бюджеттік сала қызметкері Қанзиба Қайырды да баспаналы болу бақытын ұзақ күткен жандардың қатарында деуге болады. Ол 1999 жылы Атырауға Қызылқоға ауданынан көшіп келгеннен бері үш ұлының отбасыларымен жатақхананың аядай бөлмесін паналап келіпті. Басыбайлы баспананы зарыға күткен үлкен әулет енді үш бөлмелі пәтерді иеленді.
– Жыл аяғына дейін Атырауда тағы да бір мыңнан аса жалдамалы пәтер берілетіні жоспарланып отыр, – деп мәлімдеді Нұрлыбек Ожаев.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
Суретті түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.
Атырау облысы.

Испания мен Кабо-Верде кездесуінде гол соғылмады
Спорт • Кеше
ҰБТ кезінде 470-тен астам ереже бұзушылық анықталды
Қоғам • Кеше
Трамп Ормуз бұғазының ашылғанын мәлімдеді
Әлем • Кеше
Қалада тұрса да, ауылын ұмытпаған кәсіпкер
Қоғам • Кеше
Үкімет цифрлық теңгені кең ауқымда енгізу жоспарын бекітті
Экономика • Кеше
Елордада есірткіге қарсы күрес жаңа форматта насихатталды
Заң мен Тәртіп • Кеше
ҰБТ-да ереже бұзған 176 түлектің нәтижелері жойылды
Білім • Кеше