Алматы облысы әкімдігінің хабарлауынша, ол ҚР Президенті Әкімшілігінде инспектор болып қызмет атқаратын болды.
Рауан Рақымбеков 2022 жылдың 3 қазанында әкімнің орынбасары болып тағайындалған еді.
Рауан Рақымбеков 1980 жылы дүниеге келген. 2001 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін экология және табиғатты пайдалануды басқару мамандығы бойынша, 2008 жылы осы оқу орнында «қаржы» мамандығын игерген.
Еңбек жолын 2002 жылы «Қайнар» АҚ моноблокты құю цехында қоймашы болып бастады, кейін құю цехының шебері болып жұмыс істеді. Осы жылдары Талдықорған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекші маманы, Талдықорған қаласы әкімінің кеңесшісі, Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округінің әкімі, қала әкімінің орынбасары болды. Текелі қаласының, Қаратал және Ескелді аудандарының әкімі болып қызмет атқарды.
2021 жылдың сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды.