Инновация • 12 Мамыр, 2023

ChatGPT: Корректорлар жұмыссыз қала ма?

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зерттеушілер алдағы жылдары жасанды интеллект 300 миллион жұмыс орнын бір өзі қамти алады деген болжам айтады. Сол қызметтердің бірі - кітап редакторы мен корректоры, деп хабарлайды Egemen.kz.

ChatGPT: Корректорлар жұмыссыз қала ма?

1-2 жыл көлемінде штаттан тыс кітап редакторлары мен корректорлардың көпшілігі жұмыссыз қалуы мүмкін. Себебі олар атқаратын  істерді жасанды интеллект істей алады. Әрине, бұл - ағылшын тіліндегі ChatGPT-дің мүмкіндігі. Қазақ тіліндегі қосымшалар да қарқынды дамитын болса, бұл қызмет қолжетімді болмақ. 

Корректорлық жұмыста ChatGPT-дің мүмкіндігін пайдаланып, тексеріп көргендер оның адамнан  әлдеқайда тиімді әрі қатесіз жұмыс істейтінін анықтаған.

Дегенмен, бірінші рет қолданғанда жасанды интеллектің қателескен тұстары болған. Бірақ,«корректор ретінде әрекет етіңіз және осы қолжазбаны Чикагодағы стиль нұсқаулығына сәйкес өңдеңіз. Тыныс белгілеріне, грамматикаға, синтаксиске, терулерге, бас әріптерге, пішімдеуге және реттілікке назар аударыңыз», деп сұранысты нақты жазу арқылы қайта түзеткенде ешбір қателік болмаған.