Қоғам • 12 Мамыр, 2023

Күй аңызы: Қожекенің күйі «Қос келіншек» қалай шықты?

877 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күй тарихы қызық қой. Тыңдағанымыз болмаса, шығу тарихы мен мәнін аса біле бермейміз.

Күй аңызы: Қожекенің күйі «Қос келіншек» қалай шықты?

Қазақ қуанышы мен қайғысын домбыраның үнімен жеткізген. Тіпті қаза көрген жүрекке сөзбен емес күймен көңіл айтқан. Сондай күйдің бірі Қожеке күйшінің «Қос келіншегі».

Қазақтың даласы секілді көңілі де кең ғой, шіркін! Көшпенді салтымызда жолаушы жолындағы үйге тоқтап, түсе беретін. Қожеке күйші де Жетісудан қоныс аударып келе жатқанда бір қараша үйге тоқтайды. Жөн сұраса келіп, қара жамылып отырған үй екенін біледі. Екі әйел жесір қалған. Содан кейін күйші бірден домбырасын алып, күй шерте бастайды. Артынан күйдің мәнін сұрағанда «мына қаралы болып отырған қос келіншекке айтылған көңіл, жұбату», дейді. Күй солай «Қос келіншек» аталған екен.