Жақында Қызылордада 200 адамға арналған облыстық перинаталдық орталық салтанатты түрде ашылды. Денсаулық сақтау нысаны 4 қабаттан тұрады. Мұнда әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге неонатология, анестезиология, реаниматология, акушерлік және гинекология мамандықтары бойынша қызмет көрсетіледі. Ана мен бала орталығы жаңа заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ғимаратта 80 төсек туу бөліміне арналса, оның 12-сі жеке босанатындар мен 10-ы реанимация бөліміне арналған. Ал жүкті әйелдер үшін 35 төсек қарастырылса, нәрестелерге 50 орын, гинекология бөліміне 35 жатын орын беріліп отыр. Сондай-ақ, орталықта кеңес беру диагностикалық емханасы да жұмыс жасамақ. Бұл өз кезегінде отбасы жоспарлау, генетик, гинеколог-эндокринолог, жатыр мойнының патологиясы және түсік қаупінің алдын алуға арналады. Алдағы уақытта мұнда қолдан ұрықтандыру мен генетикалық орталықтардың ашылуы да жоспарда бар. Орталықтың неонатальды хирургиясының дамуы да бір жүйеге келтірілмек.
– Аймағымызда халық денсаулығын жақсартуда ілкімді істер атқарылуда. Әсіресе, ана мен бала өлімін азайтуға айрықша мән беріп отырмыз. Нәтиже бар. Өңір табиғи өсім бойынша республикада алдыңғы қатарда тұр. Сондықтан мұндай орталықтың облыс үшін маңызы зор. Ең бастысы бұл нысан бас қаламыз Астана күні қарсаңында пайдаланылуға берілді. Бұл Сыр елінің бас қаламызға тартуы,– деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Соңғы 2 жылда Қызылорда облысында ана өлімі 30 пайызға, сәбилер өлімі 27 пайызға төмендеді. Ал 3 жылда өңірде 39 медициналық нысан пайдаланылуға берілсе, биылдың өзінде 18 денсаулық сақтау мекемесі ашылады деп жоспарлануда.
Жаңадан пайдаланылуға берілген перинаталды орталық ана мен балаға көмек көрсететін барлық емдеу, сауықтыру, аурудың алдын алу ұйымдарының үйлестірушісі болады. Бұл жерде мамандар даярланып, өзара тәжірибе алмасады.
– Республика бойынша дәл осындай 21 орталық бар. Мұнда жұмыс жасайтын 14 неонатолог, 7 реаниматор мамандар арнайы даярланды. Жалпы, елімізде босанудың орташа көрсеткіші 23,3 пайыз болса, Сыр елінде аталған көрсеткіш 28 пайызды құрап отыр,– деді Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты «Акушерия, гинекология және перинатология» ғылыми орталығының директоры Талғат Құдайбергенов.
Ана мен бала орталығында 100-ге жуық дәрігер қызмет жасаса, 204 орта буын және 193 кіші буын қызметкерлері жұмыс істейтін болады. Штаттық бірліктің 110 орны әкімшілік пен шаруашылық бөліміне қарастырылған.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
ҚЫЗЫЛОРДА.

Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді
Теннис • Бүгін, 10:50
Көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына қанша қаржы бөлінеді?
Шаруашылық • Бүгін, 10:49
АҚШ-тың келесі президенті кім болуы мүмкін?
Әлем • Бүгін, 10:33
152 млн теңге залал: Көкшетауда қазынаға қол салған кәсіпкерлердің мүлкі мемлекетке қайтарылды
Жемқорлық • Бүгін, 10:28
Жоғарғы сот шешімі: Трамп енгізген импорттық тарифтер заңсыз деп танылды
Әлем • Бүгін, 10:10
Теміржол өткелінде электровоз бен жеңіл автокөлік соқтығыса жаздады
Оқиға • Бүгін, 10:03
Газ саласын цифрландыру: QazaqGaz Aimaq қосымшасы қалай жұмыс істейді?
Жасанды интеллект • Бүгін, 09:54
Жанар-жағармай импорты салықтан босатыла ма?
Қоғам • Бүгін, 09:48
Бүгін елімізде қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:40
Рамазан айында пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды
Қоғам • Бүгін, 09:34
Үкімет Каспийді зерттеуге 1,1 млрд теңге бөлді
Экология • Бүгін, 09:20
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Құрылыс саласын цифрландыру: Өзекті істің аяқ алысы қалай?
Құрылыс • Бүгін, 09:00
«Біз үшін су дипломатиясы маңызды»
Сұхбат • Бүгін, 08:55
Аймақтар • Бүгін, 08:50