Оңтүстікте орақ қызған шақ. Жалпы, дархан даласы да, шөлі мен шөлейті де, қып-қызыл құмы да, асқаралы таулары мен қырмызы қыраттары да қызықтыратын өзгеше өңіріңізде биылғы егін орағының ерекшеліктері баршылық.
Көктеміңіз кешігіп келді. Жер қызбай қойды. Алғашқы айларда төпеп жауған нөсерлер сәуіріңіздің соңына қарата сап тыйылды. Мамырыңыздан бастап тамшы тамбайтынға айналды. Есесіне тынымсыз соққан желіңіз жеті күндік сұрапыл дауылға ұласып, даланы да, қаланы да абыржытты. Көп нәрсені қиратып, жаздық бидай мен басқа да біраз дақылдарды құрғатып, қуратып тынды. Осының бәрі Байқоңырдан қайта-қайта ұшырылған зымырандардың залалы десетіндер де жеткілікті.
Бәрібір, Оңтүстік диқандарының қабағында қалың кірбің жоқ. Күздік бидай мен арпаның дәні ауыңқырап кетсе де, әр гектарынан 11-12 центнерден өнім жиналатынына сенімді. Ысырапқа, ырғалып-жырғалуға жол бермей, тап-тұйнақтай тірлік жасап жатыр.
Шілде басында жаппай орақ басталған. Айдың ортасы ауа облыстағы 196 мың гектар масақты дақылдың 50 мың гектардайының өнімі жиналды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшыларының мәлімдеуіне қарағанда, 245 мың тонна астық қамбаға құйылады деп жоспарлануда.
Шіліңгір шілдеңіздің алғашқы жартысында күннің қызуы 40-43 градустан бәсеңдемеді. Диқандар қауымы еңбек қарқынын төмендетпеді. Қазірдің өзінде Арыс аймағындағы егін орағы тәмамдалуға таяса, Сарыағаш-Келес белестерінде де егінжайлардың басым бөлігінде сары сабан жатыр. Бәйдібек, Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам аудандарында орақ енді қызса, таулы Түлкібас пен Төле би аудандарында жаңадан басталды деуге болады.
Оңтүстік өңірінде егістік алқаптарын әртараптандыру әдісі жүйелі жүзеленуде. Бұрынғыдай емес, қатып қалған «тәртіпті» уақыт талабына, сұраныстарға сәйкестендіру жемісті жүргізілуде. Мақтаның көлемі бір жылдың өзінде 9 мың гектарға, майлы дақылдар 8,5 мың гектарға азайды. Ал, мал азығындық дақылдар былтырғыдан 43 мың гектарға көбейтілді. Оның ішінде жоңышқа 15 мың, арпа 17 мың, жүгері 11 мың гектарға арттырылды.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов бастаған басшылар мен мамандар Қазығұрт тауының баурайындағы егінжайларды егжей-тегжейлі аралап көрді. «Әртараптандырудың нәтижесі көрініп тұр, облыс бойынша мал азығын дайындау 70 пайызға жақындады, – дейді Берік Серікұлы. – Қазығұрт ауданында меже 90 пайызға жетіп қалды. Астық түсімі қуаңшылыққа байланысты біраз төмендегенмен, мал азығынан ұтылмаймыз».
Мархабат БАЙҒҰТ,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.

Қоғам • Бүгін, 21:50
Астанада «Болашақ ойындары 2026» турниріне волонтёрларды іріктеу басталды
Елорда • Бүгін, 20:55
Алматы – Шаңхай бағытында жаңа тікелей әуе рейсі ашылды
Қоғам • Бүгін, 19:48
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Бүгін, 18:33
Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді
Ғылым • Бүгін, 18:00
«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты
Қоғам • Бүгін, 17:55
Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі
Ғылым • Бүгін, 17:50
Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті
Форум • Бүгін, 17:48
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Қаржы • Бүгін, 17:40
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:40
«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Ғылым • Бүгін, 17:35
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:25
Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55