Үкімет • 18 Мамыр, 2023

Үкіметте Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысы өтті

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, салалық ұйымдар, жоғары оқу орындары басшыларының және Парламент депутаттарының қатысуымен Үкімет жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкіметте Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысы өтті

Қатысушылар ғылымды дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған басым бағыттарын айқындау, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша 2023-2025 және 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми-техникалық тапсырмаларды, сондай-ақ 2023-2025 жылдарға арналған іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелерін талқылады.


Сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру жоспарлары қаралды.