Президент • 19 Мамыр, 2023

Қытаймен тауар айналымын арттыруымыз керек – Президент

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент «Орталық Азия – Қытай» саммитінде сөйлеген сөзінде Қытаймен ынтымақтастық бағыттарына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қытаймен тауар айналымын арттыруымыз керек – Президент

Саммитте Мемлекет басшысы ортақ мүддеге сай келетін ынтымақтастықтың маңызды бағыттарына тоқталды. Ол ең бірінші бағыт ретінде тауар айналымын арттыруды атады.

«Соңғы жылдары Орталық Азия елдерінің экономикалық қарым-қатынасы жаңа деңгейге көтерілді. Былтыр Қазақстанның осы аймақтағы мемлекеттермен алыс-берісі 19 пайызға өсті. Яғни, 8 миллиард доллар болды. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 15 миллиардқа дейін жеткізуді көздеп отырмыз.

Аймақтың Қытаймен сауда-саттығы да қарқынды дамып келеді. Былтыр бұл көрсеткіш 70 миллиард долларға жетті. Оның 45 пайызы Қазақстанға тиесілі. Қытай мен Орталық Азия арасындағы тауар айналымын 2030 жылға қарай 100 миллиард долларға жеткізуге барлық мүмкіндік бар», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.