Саясат • 19 Мамыр, 2023

Мемлекет басшысы: Аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндеттің бірі

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» саммитінде аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы: Аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндеттің бірі

«Аймақтың қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету – басты міндеттің бірі. Қытайдың бұл міндетті орындауға зор үлес қосып отырғанын Қазақстан жоғары бағалайды. Қытай Халық Республикасы аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқарады. Барлық елдің аумақтық тұтастығын және егемендігін сақтауға қатысты Бейжіңнің ұстанымы еш өзгерген емес», деді Қ.Тоқаев.

Сондай-ақ ол Қытайдың өзге мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау қағидатынан айнымай келе жатқанын атап өтті.

«Қытайдың осы берік ұстанымы ерекше құрметке лайық. Қазақстан да Қытайдың Орталық Азияға қатысты жүргізіп отырған бейбіт сыртқы саясатын құптайды. Біз Бейжіңнің тұрақты дамуға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларын қолдаймыз. Орталық Азияның қашанда ынтымағы жарасқан, жасампаз аймақ ретінде дамығанын қалаймыз. Осы өңірді геосаяси текетірес алаңына айналдыруға қарсымыз», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.