«Үркер (Ильинка) елді мекенінің белсенді тұрғындарымен кездестім. Бұл елді мекенде ең алдымен кәріз және электрмен жабдықтау желісінің мәселелері шешілуі қажет. Қазір осы бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз», деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Сол сияқты кездесуде тұрғындар жол, тротуар, әлеуметтік нысандар, аялдамалар салу, абаттандыру, жарықтандыру секілді өзге де мәселелерді көтерді.
«Мектеп мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Үркер елді мекенінде екі мектептің құрылысын жүргізіп жатырмыз. Оның бірі – бір ауысымды, 900 орынға арналған, екіншісі – бір ауысымды, 2 мың оқушы орны. Аталған мектептерді қолданысқа беру уақыты – 2024 жыл.
Биыл дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып, пайдалануға беріледі. Көтерілген мәселелерді шешу бойынша орындау кестесін әзірлейміз. Жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіледі», деп жазды әкім.