«Біз үшін бұл компания қызметінің жаңа кезеңі, сонымен қатар EXEED International компаниясымен ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екеніміздің көрсеткіші. Елдегі тартымды инвестициялық бизнес-климат, сондай-ақ жергілікті өндірістерге мемлекеттік қолдау көрсету және саладағы мемлекеттік саясаттың тұрақтылығы біз үшін маңызды фактор екенін атап өтемін. Біз Қытайдың автокөлік өнеркәсібі көшбасшыларының стандарттары бойынша жоғары технологиялық өндіріске инвестиция жасаймыз. Ол заманауи технологиялар трансфертіне, салық төлемдерінің өсуіне, сондай-ақ жалақысы жоғары жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Біздің жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланысты нығайтуға, сондай-ақ Қазақстанның автомобиль өнеркәсібін дамытуға септігін тигізетініне сенімдіміз», деді Ф.Махмудов.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары барысында Сиань қаласындағы қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстелі кезінде Orbis Manufacturing компаниясы (Orbis Kazakhstan еншілес кәсіпорны) мен EXEED International компаниясы арасында лицензиялық келісімге қол қойылды. Келісім Orbis Manufacturing компаниясына Қазақстан Республикасында қытайлық EXEED премиалды брендіндегі автокөліктерді шығару құқығын қарастырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақтауға жетекші мамандар бригадасымен санитарлық авиация борты келді
Төтенше жағдай • Кеше
Қанат Бозымбаев ұшақ апатынан зардап шеккен жолаушыларға барды
Төтенше жағдай • Кеше
Ақтаудағы ұшақ апаты: «AMANAT» депутаттары көңіл айтты
Парламент • Кеше
Маңғыстаулық жастар Әзербайжан Республикасының Бас Консулдығына барып көңіл айтты
Төтенше жағдай • Кеше