Қоғам • 19 Мамыр, 2023

Тәуелсіздік алғаннан бері діннің рөлі өсті - Дархан Қыдырәлі

486 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Маңғыстау облысына сапары барысында жергілікті имамдармен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәуелсіздік алғаннан бері діннің рөлі өсті - Дархан Қыдырәлі

«Өздеріңізге белгілі, тәуелсіздік алғаннан бері, елімізде дәстүрлі исламның, жалпы діннің рөлі айтарлықтай өсті. Азаматтардың, әсіресе жастардың дінге бетбұрысы, қоғамдағы белсенділігі артып келеді. Осы тұста біздерге діни бағыттағы даму жолымызды саралап, заманауи талаптарға сай түлету қажет. Санамызда орныққан, салтымызға айналған ата дініміз біркелкілігімен, төзімділігімен және дәстүрімізбен астасып, танымымызға сіңіп, өмір салтымызға айналған», деді министр.

Сондай-ақ қатысушылар деструктивті ағымдармен күрес, діни кадрларды даярлау және қоғамдағы толеранттылықты сақтау мәселелері жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.