16 Шілде, 2014

Мергендер

666 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу орталығында Арнайы мақсаттағы бөлімшелері мергендер жұбының «Алтын үкі – 2014» халықаралық жарысы басталды. Қазақстанда жыл сайын өткізілетін бұл шараға биыл Ресей, Ұлыбритания, Иор­­­дания, Қытай, Пәкістан және АҚШ Қарулы Күштерінің мергендер жұбы қатысып отыр. «Алтын үкі – 2014» халықаралық жарысын ашқан генерал-майор Олег Бижанов: «әрбір қатысушының өз құпиялары мен атыс әдістері бар. Сондай-ақ, биылғы жарыс­тар барысында «осында бесінші рет өткі­зіліп отырған мергендер өнерінің Орта­азиялық форумында барлық қаты­су­шылардың өз шеберліктерін арттыруға мүмкіндік беретін тәжірибе алмасу бойынша үлкен жұмыстар атқарылды», – деп атап өтті. Спасскіде өтетін мергендер жұбының жарысында 38 үздік мерген өз шеберліктерін паш ететін болады. Жарыс 4 кезеңнен тұрады. Әрбір барлаушыға дене және атыс дайындықтары деңгейін сынайтын 16 жаттығуды орындауға тура келеді. IMG_5158 IMG_5540 IMG_5954 «Егемен-ақпарат».