Алматы облысы бойынша ішкі істер департаментінің бұрынғы бастығы қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз кесіп өткен еді. Расталмаған ақпаратқа сәйкес, бақылау-өткізу бекеттерінің бірінде Шекара қызметінің әскери қызметкері оның Қырғызстан аумағында болуын заңдастырған.
«Кейін Серік Күдебаев «Манас» әуежайы арқылы Түркияға ұшып кеткен. Әскери прокуратура заңсыз көші-қон фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Аталған іс бойынша төрт адам күдікке ілінді. Олар Бішкектегі №1 тергеу изоляторына қамалды, олардың бірі әскери қызметкер болса, қалғандары – бейбіт тұрғындар», делінген 24.kg ұсынған деректе.
Серік Күдебаев осы жылдың сәуір айында ұсталып, Қазақстанға жеткізілді. Бұл ақпаратты Бас прокурор Берік Асылов ресми түрде растаған еді.