Денсаулық • 23 Мамыр, 2023

Дәрігер денсаулыққа зиян диеталарды атады

610 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токсиколог-дәрігер Михаил Кутушов арықтататын диеталар денсаулыққа елеулі зиян тигізетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Дәрігер денсаулыққа зиян диеталарды атады

Маманның айтуынша, артық салмақтан арылуға арналған препараттар тез арықтатады, бірақ өлімге әкелуі мүмкін.

«Ағзаға келтіретін зияны бойынша келесі орында биохакинг тұр. Ол - «ағзаны бұзу» дегенді білдіреді. Биохакинг адамның барлық тамақтану әдеттерінің  өзгеруіне әкеледі», дейді Михаил Кутушов.

Тек минералды су мен басқа сұйықтықтарды ішуді талап ететін диеталарда салмақ азаяды, бірақ онымен қоса зат алмасу мен ас қорыту жүйелері, иммунитет, бауыр, сары қуық қатты зардап шегеді.

Сондай-ақ маман түрлі өнімдердің атауымен аталған диеталардың қауіпті екенін еске салды.

Дәрігер мұндай диеталардың ағзаға ешқандай пайда әкелмейтінін және салмақтан толық арылуға көмектеспейтінін түсіндірді. Май жоғалғанымен, тері сапасы мен денсаулық нашарлайды.

Сонымен қатар, токсиколог лимон мен су диетасының адам денсаулығына да, сыртқы келбетіне де кері әсерін тигізетінін атап өтті.

«Төмен калориялы диеталар су диеталары сияқты адам денсаулығы үшін қауіпті», деді маман.

 

Аружан НАҒАШБАЙ,

Л.Н.Гумилев атынадағы ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50