Аймақтар • 24 Мамыр, 2023

Абай облысында орман өрті өршіп тұр

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысында өрт сөндірушілер екі күннен бері орман өртін сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысында орман өрті өршіп тұр

22 мамырда сағат 15:25-те Абай облысының Бородулиха ауданында, Ауыл станциясынан 7 км қашықтықта құрғақ шөп өртеніп, кейіннен «Семей Орманы» мөр аумағына көшті.

«Өрттің жалпы аумағы 1500 Га. Орман алқабында құрғақ шөп өртеніп жатыр. Елді мекендерге төнген қауіпке байланысты Березовка шипажайы мен Березовка подхозынан 277 адам өз бетінше туыстарына эвакуацияланды. Березовка шипажайы мен Березовка подхозы орнында 15 қызметкер кезекшілік етеді», деп жазылған министрліктің ақпаратында.

Орман өртін сөндіруге барлығы 100 бірлік техника (оның ішінде 1 өрт пойызы) және 2 тікұшақ, сондай-ақ 402 адам жұмылдырылды.

щ

Қосымша Астана қаласы, Павлодар және Қарағанды облысы ТЖД күштері мен құралдарынан 133 адам және 26 бірлік техника жіберілді. Сондай-ақ «Қазависпас» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы (экипажы 4 адам) Қарағанды қаласының әуежайынан ұшып шықты.

Тәулігіне 2 тікұшақпен барлығы 59 157,5 тонна су төгілді.

«Өрт орнына вице-министр генерал-майор М. Күлдіков келіп жетті. Дағдарыс орталықтарында Абай облысының ТЖМ және ТЖД жедел штабтары жұмыс істейді. Сенім телефоны ашық», делінген хабарламада.