Таным • 24 Мамыр, 2023

Орамалдағы алғашқы Президент

621 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күні кеше елімізге мемлекеттік сапармен келген Сингапур президенті Халима Якоб алғашқы әйел Президент.

Орамалдағы алғашқы Президент

Бүгінде Сингапурдың сегізінші президенті Халима Якоб президент лауазымын атқарған алғашқы  мұсылман әйел. 2017 жылы алғаш рет хиджаб киген әйел Сингапур мемлекетінің президенті болды. 2001 жылы саясатқа араласып, 10 жылдан кейін Жастар және спорт министрлігін басқарды. Халима Якоб 63 жасында сайлауға қатысып, одан өзге үміткерлер талапқа сай келмеген соң  автоматты түрде президент болып сайланады.

Сингапур президенті қызметін атқарған алғашқы мұсылман әйел әрі бес баланың анасы. Халима қыздарға арналған мектеп-интернатында оқыған. Ол зайырлы ұстанымды қолдайды. Ол кең іскерлік костюмдер киеді, жеңіл макияжды, зергерлік бұйымдарды жақсы көреді, сонымен қатар дәстүрлі хиджабты да ұмытпайды. Халима әйелдер құқығын қорғап, үнемі «Club Heal» психикалық денсаулық қоғамын қолдап отырады. Сондай-ақ қайырымдылықпен де айналысады.

Халима Якоб 47 жыл ішінде Сингапурды басқарған тұңғыш әйел ғана емес, Малай тумасынан шыққан тұңғыш президент болды. Сингапурдың бұрынғы Малай президенті 1966-1970 жылдары тәуелсіздіктің таңында елді басқарған Юсуф бен Исхак болған. Осыдан кейін бұл лауазымды негізінен этникалық қытайлар мен үнділер атқарды.

Көпшілік барғысы келетін елдер тізімінде Сингапур көш бастап тұр. Елдің білім беру жүйесі, экологияға, ел азаматтарының қауіпсіздігіне деген қамқорлығы таңғалдырмай қоймайды.

 

Ерлан КИІКБАЙ,

ЕҰУ, студенті