Аймақтар • 24 Мамыр, 2023

Түркістан облысында діни сауаттылықты арттыруға арналған семинар өтті

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында 15-19 мамырда Түркістан облысында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандарының қатысуымен діни экстремизмнің таралуын алдын алуға бағытталған семинарлар өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында діни сауаттылықты арттыруға арналған семинар өтті

Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) – А.А.Рыскиева, А.А.Кеңесбаева,  А.Т.Қалқаева, Ж.О. Қаңтарбаева, З.Ж.Усенова  тартылды.

РАТТ мүшелерінің қатысуымен Сайрам, Төле би, Сарыағаш, Келес, Мақтаарал аудандары мен Арыс қаласының мешіттерінде әйел жамағаты, Төле би, Сарыағаш, Жетісай, Ордабасы аудандары мен Кентау қаласындағы колледж студенттері, аталған өңірлердегі орталық кітапхана, мәдениет үйі, «жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері арасында семинарлар мен кездесулер өткізілді.

ы

Өткізілген іс-шараларда өңір тұрғындарына Қазақстан қоғамындағы әйелдің теңдігі және рөлі, дін мен дәстүр, исламдық бағыттағы деструктивті ағымдар, хиджаб мәселесі туралы ақпараттар берілді.

ы

Сарапшылар діннің рухани-адамгершілік құрамдас бөлігі мәселелеріне, қазіргі қоғамдағы діндар әйелдердің рөлі мен әлеуметтік мәртебесін, сондай-ақ әйелдер арасында діни сауаттылықты арттыруға, деструктивті діни ағымдардың әсеріне қарсы тұру шараларына ерекше назар аударды.

ы

Жиын соңында РАТТ мүшелері тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Соңғы жаңалықтар

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Шаруашылық • Бүгін, 09:10

Қаладан ауылға бетбұрыс

Ауыл • Бүгін, 09:05

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Таңдайдан кетпес ұлт дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:58

Қолжетімді сапалы дерек

Digital • Бүгін, 08:55

Саладағы цифрлық серпін

Білім • Бүгін, 08:53

Пластик қалдығы пайдаға жарады

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Жанға жайлы жатақхана

Аймақтар • Бүгін, 08:43

Шынайы өнер шеруі

Театр • Бүгін, 08:40

Терең тағылым

Руханият • Бүгін, 08:38

«Наршаның сөзі – баршаның сөзі»

Руханият • Бүгін, 08:32