Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) – С.А.Жаңабай, М.М.Халықов, Б.Е.Оспанов, Ж.С. Рақымбердиев тартылды.
РАТТ мүшелері Сарыағаш, Келес, Мақтаарал, Жетісай, Шардара, Төлеби, Отырар аудандарында және Түркістан қаласында «Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі», «Ғ.Мұратбаев атындағы гуманитарлық колледжі», «Д.Құрманбек атындағы №20 колледжі», «Оңтүстік Қазақстан индустриалды инновациалық колледжі», «А.Яссауи кәсіби колледжі», «Түркістан жоғары медициналық колледжі» студенттерімен, мәдениет үйлерінде ақсақалдармен, жастармен, жұмыссыз азаматтармен, орталық кітапханаларда қоғам белсенділері мен кітапхана қызметкерлерімен, «Иманберді Сатыбалды» мешіті, Орталық «Нұғман» мешіті жамағаттарымен, ішкі істер полиция бөлімі қызметкерлерімен кездесті.
Онда облыс тұрғындарына Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы мәлімет берілді.
Тыңдаушылар РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақ қойып, тұшымды жауап алды.