Қоғам • 24 Мамыр, 2023

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі 21 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мамандандырылған ауданаралық тергеу соты сотқа дейінгі тергеу органының өтінішін қанағаттандырып, Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін бір айға, яғни 21 маусымға дейін ұзартуға санкция бергенін хабарлады.

2022 жылдың 22 сәуірінде Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны белгілі болды. Сот оған қатысты 30 тәулікке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беріп, кейін қамауға алу мерзімі бірнеше рет ұзартылды.

Өткен жылдың шілде айында Қайрат Құдайберген депутаттық мандатынан айырылды.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың қаңтар айында Қ.Құдайберген А.Жұмагелдиевпен («Дикий Арман») бірге «Қазақстан» қонақ үйінде адам жинап, Жұмагелдиевтің айналасына бірігуге, оны қолдауға, сондай-ақ адамдарды 10 адамнан «ұяшықтар» бойынша бөліп және олардың топтарының ерекшеліктерінің белгісі ретінде қолдарына ақ таңғыштарды таңуға нұсқау бергені анықталды.