«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республиканың қалған бөлігінде солтүстік антициклон сілемінің әсерінен күн ашық болады.
Қазақстан бойынша жел күшейіп, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.
Атырау облысының басым бөлігінде, Павлодар облысының шығысында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Қарағанды облысының шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, Қостанай облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, кейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +20+22°С.
Алматыда да көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз өтеді. Жел - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +23+25°С.