Инвестиция • 26 Мамыр, 2023

Экономикамыздағы Қытай инвестициясының үлесі

312 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қытай Халық Республикасына жасаған сапары аясында Шыңжаңның бірқатар автономиялық аудандарының (Боро-Тала-Моңғол АО, Іле Қазақ АО Алтай қаласы мен Шәуешек қаласы) басшылығымен, сондай-ақ ШҰАА өндірістік-құрылыс корпусының өкілдерімен келіссөздер жүргізген еді. Сапар барысында мәлім болғандай, Қытай тарапынан біздің ет, дәнді және майлы дақылдар, жемшөп импортына қызығушылық жоғары екен. Өз кезегінде министр Қазақстанның сапалы жеміс-көкөніс өнімдерін сатып алуға мүдделі екенін айтты.

Экономикамыздағы Қытай инвестициясының үлесі

«Қазақстан аграрлық секторға инвестиция салу үшін кең мүм­кін­дік­тер ұсынады. Агроөнеркәсіп ке­­шенінде инвестициялық жоба­лар­ды іске асыру үшін мем­ле­кет­­тік қолдау іс-шаралары, оның ішін­де салалық жеңілдіктер мен салықтық преференциялар көзделген. Инвесторлар ірі жо­­ба­­ларды жүзеге асыру үшін Үкі­­метпен тікелей инвестиция­лық келісім жасай алады. Бұл са­лық­тың негізгі түрлері бойын­ша ерекше шарттар алуға мүмкіндік береді», деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, Қазақстан тарапы ауыл шаруа­шылығы өнім­дерін қай­та өң­деу­ сала­сындағы­ жобаларды дамы­ту­ға мүдделі. Қазір елімізде қайта өңдеу кә­сіп­орындары үшін суб­си­диялаудың түрлі бағыттары бар. Мем­лекет жұмыс істеп тұрған зауыттарды жаңғыртуға және жаңа зауыттар салуға жұмсалатын шығыс­тар­дың бір бөлігін өтейді, айналым қаражатына берілетін несиелер бойынша сыйақы мөл­шер­лемелерін субсидия­лайды, сондай-ақ шикізатты қайта өң­деуге тапсырған кезде фер­мер­­лер­дің шығындарының бір бөлігін өтеп береді.

«Тұқым шаруашылығы, өсім­дік шаруашылығы және азық-түлік өндірісі саласындағы қытайлық кәсіпкерлерді Қазақ­станға шақырамыз. Біз ынты­мақ­тас­тық пен бірлескен жобаларды іске асыру үшін ашықпыз. Ауыл шаруашылығы министрлігі өз тарапынан инвесторлар үшін барлық қажетті жағдайларды ұсы­нуға және жан-жақты қолдау көр­сетуге дайын», деді министр.

Ал сала басшысы ҚХР ШҰАА ҚКП парткомының хатшысы Ма Синжуймен кез­десуінде Қазақстан мен Шың­жаң-Ұйғыр автономиялық ауданы арасындағы ауыл шаруашылығы өнімінің тауар айналымын жылына 1 млрд долларға жеткізуге уағдаласқан еді.

Айта кетейік, Қазақстанның Қытаймен сауда-саттығының 40%-дан астамы Шыңжаңға тиесілі, 2022 жылдың қоры­тын­дысы бо­йынша көрсет­кіш 382 млн долларды құрады. Ербол Қарашөкеев еліміздің ауыл шар­уа­шылығы саласындағы екі­жақты ынтымақ­тас­тықты ке­ңей­­туге және ауыл шаруа­шы­лы­ғы өнімдерін өзара жеткізуді ұл­ғайтуға көп мән бере­тінін атап өтті. Қазір Қытайда ор­га­ни­­калық және экологиялық таза ауылшаруашылық өнімдерін тұтынуға сұраныс артып келеді.

Атап айтқанда, Қазақстан мұз­датылған ет жеткізуді қайта бас­тау­ға, салқындатылған ет және балық өнімдерін, құс еті мен қо­сал­қы өнімдерді, шошқа еті, жұ­мыртқа, жылқы еті және басқа да тауар түрлерін экспорттауды бас­тауға дайын.

Алайда экспорттық әлеуетке Қытай тарапынан уақытша ен­гізіл­ген ветеринарлық шектеулер кедергі келтіріп тұр. Бұл ретте Қазақстанда жұқпалы аурулар бойынша салауаттылықты қолдау үшін барлық қажетті ресурстар бар, олар Дүниежүзілік жануар­­лар денсаулығы ұйымының са­рап­тамалық миссиясымен бел­­гіленген.

«Жануарлардың ауруларын екі­жақты шектеу тәжірибесі ұзақ жылдарға жалғасатын сау­­да ке­дергілеріне әкеліп со­ға­ды. Менің ойымша, тиімсіз сауда тәсілдерін қайта қарайтын және бүкіл аумақтан экспортты шектемей, біздің елдері­міз­ді аймақтандыруды тануға көшетін уақыты келді. Сондай-ақ ветери­нарлық және фито­са­ни­тарлық талаптарды келісу мер­зімдерін қысқарту қажет», деді министр.

Сонымен қатар Қытай нары­ғы біздің астық экспорты үшін үлкен қызығушылық тудырып отыр. Бүгінгі таңда жыл сайынғы жеткізілім көлемін 1 млн тоннаға дейін және одан да көп ұлғайтуға мүмкіндік бар. ШҰАА-ға жет­кізілетін өнімдердің тізіміне бұр­шақ дақылдары, сондай-ақ майлы дақылдардың күнжарасы қо­сылуы мүмкін, бұл өз кезегінде елде­ріміздің арасындағы та­уар айналымы көлемінің едәуір ұлғаюына ықпал етпек.