Қоғам • 27 Мамыр, 2023

700 тонна қоқыс үйіндісіне себеп болған кәсіпкер жазаланды

495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұра ауданы әкімдігінің қызметкерлері аумақты аралау кезінде қоқыс толы камазды байқады. Машина қалдықтарды шығару үшін бос жерлерге қарай бет алған. Қоқыс төгуге рұқсат етілмеген аумақта пайдаланылған құрылыс материалдарын шығару фактісі тіркеліп, табиғат қорғау полициясына берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

700 тонна қоқыс үйіндісіне себеп болған кәсіпкер жазаланды

Машинаның қай ұйымға тиесілі екені анықталып, жауапқа тартылды.

Бұзушы жеке өзі 30 ауыр жүкті жалдау ақысын төледі, олар 700 тонна стихиялық үйіндіні жойып, жиналған қоқысты арнайы полигонға шығарды. Сонымен қатар, кәсіпкерге әкімшілік айыппұл салынды.

«Нұра ауданында заңсыз қоқыс төгілген 8 негізгі орын анықталды. Жүйелі жұмыстың арқасында қаланы ластайтын жосықсыз кәсіпкерлердің бірі табылды. Мысалы, бір күн бұрын олар осы учаскелерді аралап шыққан болатын. Ол кезде қоқыс көлемі мұндай үлкен емес еді, жосықсыз кәсіпкерлердің тек түнде келетіні анықталды. Осы бағыттағы жұмысты аудан бойынша жалғастырамыз», деді Нұра ауданы әкімінің орынбасары Руслан Оралов.

Айта кетейік, Астанада қайта өңдеу үшін құрылыс және басқа да ірі қалдықтарды төгуге болатын 2 санкцияланған полигон жұмыс істейді. Басқа учаскелерде қоқыс төгілсе заң бойынша жаза қарастырылған.