Әлем • 28 Мамыр, 2023

Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды

1 мин
оқу үшін

28 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 8:00-де (Астана уақыты бойынша 11:00) Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды

60 миллион 721 мың 745 сайлаушыға 191 мыңнан астам жәшік орнатылды. Жалпыұлттық дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де басталып, 17:00-де аяқталады.

Сайлаушылар Халық Одағы президенттігіне үміткер Режеп Тайып Ердоған мен Ұлттар альянсының кандидаты Кемал Кылычдароглу арасында таңдау жасайды.

14 мамырда президент сайлауының бірінші кезеңі өтті. Ол кезде дауыс санау нәтижесі бойынша бірде-бір кандидат 50% дауыс жинай алмады. Қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған 49,5% дауыс жинады, оның сайлаудағы басты бәсекелесі Кемал Кылычдароглу 45%-дан аз дауыс жинаған еді.

Соңғы жаңалықтар

Болған ана шапаны

Руханият • Бүгін, 09:47

Жастар жиі оқитын кітаптар

Қоғам • Бүгін, 09:44

Әлемдік додада топ жарды

Технология • Бүгін, 08:50

Пайдасы көл-көсір көмір күлі

Аймақтар • Бүгін, 08:49

Ғабит ғибраты

Руханият • Бүгін, 08:45