Басылым • 28 Мамыр, 2023

Басқа басылымдардан: Mercosur-мен ықпалдастықты арттыруға шақырды

323 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Пре­зи­денті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақты Латын Америкасындағы Mercosur, сондай-ақ экономикалық және сауда ынтымақтастығы тұр­ғысынан Азия кон­тинентіне бағыт­талған басқа да халықаралық және ай­мақтық ұйым­дар­мен қарым-қа­ты­на­сын ны­ғай­туға шақырды.

Басқа басылымдардан: Mercosur-мен ықпалдастықты арттыруға шақырды

«Интеграциялық бірлестіктермен және елдермен жүйелі диалогті жал­ғас­тыру маңызды. Себебі олармен ынтымақтастық орнатуға экономикалық тұрғыда мүдделіміз. Комиссия Біріккен Араб Әмірліктерімен, Үндістанмен, Мысырмен, Индонезиямен, Израильмен еркін сауда аймағы туралы келісім жасау жұмысын жедел түрде аяқтауы керек. Біз ШЫҰ, АСЕАН, МЕРКОСУР және басқа да халықаралық ұйымдармен арадағы іс-әрекеттерді сапалы түрде күшейткеніміз жөн», деді Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақтың пленарлық сессиясында.

Ол аталған ұйымдармен ынтымақ­тас­тықты арттыруға бүкіл тарап мүдделі екеніне сенім білдірді. Сондай-ақ одақты құрудағы негізгі мақсаттың бірі – қуатты, үйлесімді ортақ ұстаным не­гі­зін­де үшінші елдермен барынша тиімді сауда шарттарына қол жеткізу екеніне тоқталды.

Қазақстан басшысының айтуынша, қазіргі геоэкономикалық жағдайда одақтың әлеуетін мейлінше толық әрі тиімді пайдалану ортақ басымдыққа айналды.

«Қазіргі геосаяси жағдайда Қазақ­стан, өзінің географиялық орналасуы мен мүмкіндіктерін ескере отырып, еуразиялық өнеркәсіптік кооперация­ны дамыту орталығы болуға дайын. Бұл электромобиль, магистралді локомотив, вагон, ауыл шаруашылығына арналған және жеңіл техника құрас­ты­ратын, құрылыс материалдары мен химиялық бұйымдар өндіретін бірлескен кә­сіпорындар болуы мүмкін. Аталған ба­ғыт­тардың көбі іс жүзінде жүзеге асы­рылып жатыр. Сондай-ақ біз қара және түсті металдар кен орнын игеріп, оны одан әрі өңдейтін, дайын өнімдер шығаратын бірлескен жобаларды жүзеге асыруға әзірміз», деді Қ.Тоқаев.

 

вяп

Ынтымақтастық мәселесі талқыланды

Бейсенбі күні Еуразиялық көш­басшылар өңірлік Еуразиялық эко­номикалық одақ (ЕАЭО) аясындағы ынтымақ­тас­тықты одан әрі жандандыру жолдарын талқылады.

Мәскеуде Жоғары Еуразиялық эко­но­микалық кеңес отырысына төра­ғалық еткен Ресей президенті Владимир Путин одақтағы ынтымақ­тас­тық­ты жо­ғары бағалады. Оның қарқын алға­нын, қалыптасып келе жатқан көп­по­лярлы әлемнің тәуелсіз және өзін-өзі қамтамасыз ететін орталықтарының бірі ретінде ілгерілеп келе жатқанын айтты.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің жұмысына Әзербайжан, Қа­зақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжік­стан, Беларусь президенттері, Армения премьер-министрі қа­тысты.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде блоктың жа­ңа халықаралық көлік күре бағытын құруы мүмкін екенін айтты. Қ.Тоқаев Үндістан мен Еуропа арасындағы 7 200 шақырымдық (4 473 миль) «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін (INSTC) Транскаспий бағытымен бірге дамыту қажет екеніне тоқталды.

«Еуразиялық экономикалық одақтың Еуропа мен Азияны, жаһандық Оңтүстік пен Солтүстікті байланыстырушы то­рап­қа айналатынына сенім білдіремін. Біз Ресей Федерациясының Қытай, Үндістан, Пәкістан, Иран, Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен арада көлік дәліздерін ашу ниетін құп­таймыз», деді Тоқаев.

 

счми

Ұйымды сынға алды

Қазақстан Пре­зи­денті Қасым-Жомарт Тоқаев Еур­азиялық экономикалық одақ­ты (ЕАЭО) сынға алып, оның мүшелері ара­сындағы саяси интег­ра­цияға қа­тыс­ты пікір білдірді.

Қазақстан мұнайға бай мемлекет, дәстүрлі түрде Мәскеудің Орталық Азиядағы ең жақын одақтасы саналады. 

Мәскеуде өткен ЕАЭО пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан одақты тек қана экономикалық блок ретінде қарастыратынын айтты.