Vesti.kz хабарлауынша, ресейлік журналист Асу Алмабаевқа «Шавкат Рахмоновтың кіммен айқасқанын көргің келеді?» деген сауал қойған.
«Шаршы алаңға кімді шығарса да, ол сонымен жұдырықтасады. Кез келген қарсыласпен айқаса береді. Шавкат тамыз айында жұдырықтасқысы келеді. Жаттығу жиынын өткізу оңай емес. Дайындық бастағанда менеджерлер де қозғалады, лига да жұмыс істейді, ал қарсылас бәрібір табылады. Әр айқастан кейін жаттығуға дереу кірісу маңызды», деді қазақстандық файтер.
Еске салайық, Шавкат Рахмонов соңғы рет 4 наурыз күні Лас-Вегаста жұдырықтасып, үшінші раундта америкалық Джефф Нилді жеңген еді.