Спорт • 30 Мамыр, 2023

Әлем кубогінде топ жарды

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алатау бөктерінде ұйымдастырылған стенд атудан Әлем кубогі кезеңі аяқ­талды. Жарыстың соңғы күнінде отан­дастарымыз – Виктор Хасянов пен Мария Дмитриенко бас жүлде жеңіп алды.

Әлем кубогінде топ жарды

Спортты дамыту дирекциясының бас­пасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Виктор мен Мария трап бағдарламасында аралас жұптар арасындағы сайыста бақ сынап, ешкімге дес берген жоқ. Осылайша, жерлестеріміз Алматыда өткен Әлем кубогі кезеңін үш жүлдемен қорытындылады.

Бұған дейін Əсем Орынбай скит жат­тығуында топ жарған болса, кейіннен Эдуард Ещенко екеуі жұптық сында күміс жүл­дегер атанды. Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко жұбы былтыр Хорватияда өткен әлем чемпио­натында аралас жұптық сында қола медаль жеңіп алған болатын.