19 Шілде, 2014

Пәтерге мұқтаждар тізімі жария етілуде

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Петропавл қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегінде мыңдаған адам тұр. Бұған дейін баспана бөлуде жергілікті шенеуніктер неше түрлі бұрмалаушылықтарға жол беріп, әділетсіздікке тап болған мұқтаж жандар тарапынан жоғары жаққа жолданатын арыз-шағымдар тасқыны тыйылмай келген еді. Міне, осыны ескерген облыс басшылығы қала әкіміне пәтер кезегі туралы ақпараттың қолжетімді болуын қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Соған орай, қалалық әкімдік пәтер кезегінде тұрғандардың тізімін тәртіпке келтіріп, жергілікті «Қызылжар нұры» және «Проспект СК» газеттері арқылы жариялай бастады. Мұның өзі жұртшылық қызығушылығын туғызып, жан-жақты қолдауға ие болып отыр. Әлеуметтік әділдікті орнықтыруға бағытталған осы игі бастама жүйелі жалғасын тауып, өрісі кеңейе түссе, құба-құп. Кәрібай Мұсырман, журналист. Петропавл.