Компания басшысы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, өткен жылдың желтоқсан айында «МТ-S» ЖШС және «Kcell» АҚ ұсынған операторлар консорциумы 5G енгізу бойынша жиілік аукционында жеңіске жеткен.
«2027 жылға қарай компаниялар еліміз бойынша 7000-нан астам 5G базалық станцияларын орнатуы керек. Биыл Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы 390 базалық станция пайдалануға беріледі», деді компания басшысы.
«Қазақтелеком» мамандарының айтуынша, 2027 жылдың соңына қарай Қазақстан азаматтарының 80 пайызы 5G желісіне қосыла алады.