Футбол • 30 Мамыр, 2023

Даму турниріне қатысты

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 жасқа дейінгі еліміздің жасөспі­рімдер құрамасы 24-29 мамыр ара­лы­ғында Волгоградта өткен УЕФА Да­му жарысына қатысып, үшінші орынға ие болды.

Даму турниріне қатысты

Айналма жүйе бойынша ұйым­дас­тырылған турнирде Марат Еслямов жат­тықтыратын Қазақ­станның жасөс­пірімдер құрамасы Ресей, Қырғызстан және Беларусь командаларымен жасыл алаңда шеберлік байқасты. Алғашқы турда Ресей футболшыларына 5:0 есебімен жол берген жер­лестеріміз кейінгі екі турда Қыр­ғызстан құрамасын – 4:1, Беларусь жас­өспірімдерін 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Жарыс қорытындысы бойынша Ресей, Беларусь және Қазақстан құрамалары үш турда екі мәрте жеңіске жетіп, бірдей ұпай жинағанымен, доп айырмасы бойынша бас жүлде алаң қожайындарына бұйырды. Беларусь футболшылары күміс жүлдеге ие болса, үштікті Қазақстан құрамасы түйін­деді. Матчтар «Зенит» және «Олимпия» ста­диондарында өтті.