Білім • 30 Мамыр, 2023

Жауапты кезең таяды

241 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Оқу жылында Солтүстік Қазақстан облысының 700-ге жуық түрлі мек­те­бі мен кәсіптік білім беру орнында 100 мыңнан астам шәкірт білім алды. Негізгі мектептің курсын, яғни 9-сыныпты 6 707 оқушы аяқтайды, олардың қорытынды емтихандары 2-13 маусым аралығында өтеді.

Жауапты кезең таяды

Облыстық білім бас­қар­ма­сы­ның басшысы Нәзір Жәші­бе­ковтің айтуына қарағанда, жал­пы орта білім беру курсын­ 3 345 оқушы тәмамдайды. Олар мемлекеттік емтиханды 5-19 маусым аралығында 5 са­бақ­­тан тапсырады, оның 4-еуі – мін­детті, 1-еуі таңдау бойынша. Бес емтиханның төртеуі жазбаша­ өте­ді. «Қазақстан тарихы» бо­йынша ауыз­ша тапсырады. Сабақ аяқталғаннан кейін оқушыларды отан­­сүйгіштікке, бейбітшілікке, дос­тыққа тәрбиелеуге, қуғын-сүр­­­гін және аштық құр­бан­да­рын құрметтеуге арналған сы­нып сағаттары өтеді. Соны­мен қатар оқу жылының қоры­тын­дысын шығару және жазғы де­ма­лысқа дайындық мәселелері тал­қыланады.

Облыста биыл 109 түлек «Алтын бел­­гі» марапатына, ал «Үздік аттес­тат­қа»­ 11-сыныпты бітіретін 200 оқушы және 9-сыныпты тәмамдайтын 379 оқушы үміткер болып отыр. Ем­тиханды мектептердің мемлекеттік комиссиялары, ал «Алтын белгіге» үміткерлердің жұмыстарын облыс­тың жетекші педа­­гогтері, қоғамдық бірлестіктер, БАҚ өкіл­дерінен тұратын облыстық бірыңғай комиссия тексереді.

Емтихандардан кейін 9-сынып бітірген түлектер мектепте оқуын жалғастыруына болады, ол үшін 15 тамызға дейін 10-сыныпқа оқуға түсу туралы мектепке өтініш беруі керек немесе аттестаттың орташа балы негізінде емтихансыз колледж­дерге түсуіне болады. Білім туралы құжаттарды табыстау 20-22 маусым аралығында өздері оқыған мектепте өтеді.

Н.Жәшібеков ұлттық бірыңғай тестілеу тек жоғары оқу орындарына түсу тетігі екенін атап өтті. 2021 жылдан бастап ҰБТ барлық қатысушы үшін тестілеудің әділдігін және ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін компьютерлік форматта өтіп келеді. Биыл ҰБТ-ға қатысатындарға бір компьютер беріліп, оларды екі камера бақылайды. Былтыр бір камера болған. Биыл талапкерді бақылау үшін тағы бір камера қосылды. Тестілеу жүйесіне әрбір шығу және кіру кезінде оқуға түсушілер компьютерде орнатылған алдыңғы камералар арқылы адам бетінің көлемдік-кеңістіктік нысанын авторизациялаудан өтеді. Бұл бөгде адамдардың қатысуын болдырмауға мүмкіндік береді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға (көру, есту, тірек-қимыл аппараты функция­лары бұзылған) тестілеуде қосымша 40 минут беріледі. Ал шығармашылық емтихан тапсыратын талапкерлерді тестілеу былтырғымен салыстырғанда, 5 минутқа ұзар­тылып, барлығы 70 минутқа жет­кізілді. ҰБТ-ға қатысуға облыста 2 396 түлек немесе түлектердің 71,6 пайызы (2022 жылы 73,4 пайыз) өтініш берген. Түлектер тестілеуді екі рет тапсыра алады және ең жақсы нәтиже бойынша гранттар конкурсына қатысады. Былтыр ҰБТ бойынша Солтүстік Қазақстан облысы орташа есеппен 74,96 ұпай алған болатын, ал республикалық орташа көрсеткіш 67,12 ұпайды құрады.

Биыл ұлттық бірыңғай тестілеу форматы өзгерген жоқ, бұрынғыша бес пән. Оның үшеуі – міндетті, екеуі – бейінді. Оқу сауаттылығы және математикалық сауаттылық бойынша 15, «Қазақстан тарихы» бойынша 20 және бейіндік пәндер бойынша 35 тапсырма беріледі. Барлық 120 тапсырмадан ҰБТ қатысушылары ең көп дегенде 140 ұпай жинай алады. Тестілеуге жалпы 4 сағат (240 минут) беріледі. Тестілеу күніне екі рет өткізіледі. Алғашқысы 9.00-ден 13.00-ге дейін, екіншісі 14.30-дан 18.30-ға дейін.

ҰБТ нәтижесі тестілеу аяқтал­ға­н­нан кейін бірден қолжетімді. Өткен жылдың мамыр айынан бас­тап алынған ұпайлардан басқа, талапкерге қателік жіберген тақырыптары көрсетіледі. Бұл бірінші әрекеттен кейін екінші тестілеуге дайындық кезінде қиын тақырыптарды шешуге мүмкіндік береді. Егер тест тапсырушы ҰБТ нәтижелерімен келіспесе, тестілеу аяқталғаннан кейін бірден республикалық апелляциялық комис­сияға электронды форматта өтініш беруге мүм­кіндігі бар.

Петропавл қаласындағы бала­лар мен жасөспірімдер шығар­ма­шы­лы­ғы­ облыстық орталығы және Ғ.Мүсірепов ауданының Новоишимка ауылында орналасқан екі тестілеу орталығы ойдағыдай жұмыс істеп тұр. Әр пунктте ҰБТ-ны үйлестіру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылған. Осы күнге дейін ҰБТ қауіпсіздігін қам­тамасыз етуге және өткізуге тар­тылған мемлекеттік органдарға тиіс­ті­ хаттар жолданыпты. Сондай-ақ тес­тілеу өткізілетін орындарда ҰБТ-ның­ барлық кезеңіне – 19 мамырдан 5 шілдеге дейінгі кезеңіне медицина қызметкерлерінің, психологтердің, құқық қорғау органдары өкілдерінің кезекшілігі ұйымдастырылған. Қоғам­дық­ тәртіпті бақылау да қамтамасыз етіл­ген.

Нәзір Жәшібеков оқушылардың жаз­ғы демалысы мен сауы­ғуын ұйымдастыру мәселесі туралы да­ айтып өтті. Биыл оқушылар үшін 51 мыңнан артық баланы қамтитын 265 мектеп жанында және 339 бейінді алаң, 179 шатырлы және киіз үй лагері жұмыс істейді. Тұрғылықты жер бойынша 50 мыңға жуық баланы қамтитын 83 қосымша білім беру ұйымы және 25 аула клубы дайындалған. Оқушылар сарайының базасында жазғы академия (2 мың бала) жұмыс істейді. Дәстүр бойынша 6 мыңнан астам бала қала сыртындағы лагерьлерде демалады, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан 3 мың балаға тегін жолдама беріледі. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 92,4 млн теңге бөлінген. Жолдаманың орташа құны – 35-65 мың теңге.

 

Солтүстік Қазақстан облысы