Жәдігер • 31 Мамыр, 2023

Сирек құжаттар

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының тарихы тереңде. Тұлпарының дүбірі дүниені кезген бабалар мұрасы бай шежіремізден ақпар береді.

Сирек құжаттар

Былтыр Ұлттық қолжазба ор­та­лығы қызметкерлері Үндіс­тан­ның Нью-Дели ұлттық мұраға­тынан қазақтарға қатысты Қы­тай арқылы Үндіс­тан асқан 3 мыңнан астам деректі тапқан болатын.

Делегация құрамындағы­лар­дың айтуынша, бабаларымыз Локпала мен Карабат қала­ла­ры­ның маңында өмір сүрген. Мұнан соң қазір қазақтар өмір сүретін Түркия жеріне ауған. Үндістаннан әкелін­ген су­рет­тер мен хаттар Аста­на­дағы мұ­ра­ғат­тық құжаттар көр­месінде көп­­шілікке ұсынылды.

– Үндістанға 3 200 адам барған. Олардың өздерімен бірге 2 000 қой, 500 шақ­ты жылқысы болған. Өкініш­ке қарай, Гималай тауы ауасының қысымы, кли­маттық жағдайы салдарынан мыңдаған отандасымыз опат бол­ған. Егер Үндістанға барған қазақтардың тарихын тереңірек қаза түссек, мұнан да көп деректерге кезігеріміз сөз­сіз, – деді Ұлт­­тық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығының ди­­ректоры Жандос Болдықов.