Спорт • 31 Мамыр, 2023

Жансел жүлдесіз қалды

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Әзербайжан астанасы – Бакуде таэквондодан әлем чемпионаты өтіп жатқаны белгілі. Жаһандық доданың екінші күнінде үш отандасымыз да жүлдеге қол жеткізе алмады.

Жансел  жүлдесіз қалды

Ерлер арасындағы бәсекеде даянгке шыққан былтырғы «Belgian Open G2» халықаралық турнирінің жеңімпазы Самирхон Абабакиров (58 кг) 1/8 финалда 20 жастағы Тунис өкілі Мохамед Джендубиге жол берсе, қыздар сайысында бақ сынаған Нұрай Құсайынова да (67 кг) дәл осы межеге келіп сүрінді. Ол 1/8 финалда 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Гран-при жарыстарының үш дүркін жеңімпазы франциялық Магда Виет-Хениннен айласын асыра алмады.

Сонымен қатар 73 кг салмақтағы ел үздігі Жансел Дениз де жанкүйерлердің сенімін ақтай алмай, жүлдеге қол созым қалған жерде сүрінді. Ширек финалда отандасымыздың жолын Еуропа ойындарының екі дүркін қола жүлдегері ресейлік Полина Хан кесті.